СІЗДІ СҮЙГЕН ГҮЛМІН…

24
Мен
Айседора емеспін,
Болғым да келмейді,
Монро да,
Моника да емеспін,
Болғым да келмейді,
Джоли да,
Софи Лорен де емеспін,
Болғым да келмейді.
Мен
Аспандай шексіз сезімнің
Ақша бұлтымын,
Мен
Алатаудай асқар
Таудың ұшар шыңымын,
Мен
Махаббатты жырлаған
Ақын қыздың бірімін.
Мен
Бағбаны күтіп-баптаған
Нәзік гүлмін,
Мен
Ақ жауынға айналған
Ғажайып нұрмын,
Мен
Жұлдыз бен Айға
Тамсанған түнмін.
Мен
Жалғыз
Күнге ғашықпын,
Күн
Жалғыз
Гүлге ғашық.
Күн
Маңдайымнан
Сүйеді, деп
Мен
Атар таңға
Асықтым.
Мен
Сізді сүйгендіктен
Өмірге ғашықпын…
Шолпан Әділқызы
2024 жыл, 12 қараша, сағат 16.

Leave A Reply

Your email address will not be published.