Сирень қашан гүлдейді?

396

Сирень – зәйтүндер тұқымдасына жататын өсімдік. Ол мамыр айында гүлдейтіндіктен, халық арасында «мамыргүл» деп аталып кеткен. Ал, түркітілдес Қарашай, Балқар ағайындар сиреньді «Ләйлек» деп атайды. 

Сиреннің табиғатта 30-дан астам түрі мен 2 300-ден астам мәдени сорты бар. Гүлдері күлгін, сиякөк, көгілдір, қызғылт түсті болады. Гүлінің пішіні мен көлемі, түсі мен гүлдеу мерзіміне қарай ондаған түрі, жүздеген сұрпы бар.

Ерекше күтімді қажет етпейді. Алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Қураған гүлшоғырларын уақтылы  кесіп тастау керек. Себебі, гүлдеген бұталары келесі жылға жарамай қалады. Ол маусымның екінші онкүндігінде гүлдейді, гүлдері хош иісті болады. Топырақ талғамайды, әкті жерде де өсе береді. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей, суарып отырса молынан гүлдейді.

https://turkystan.kz/article/219452-siren-kashan-guldeydi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.