Сирек кездесетін ауруға байланысты жасөспірімнің саусақтары 60 сантиметрге дейін өсті

107

халк16 жастағы Мұхаммед Калим макродактилиямен ауырады. Соның кесірінен саусақтары мен қолдары ұлғайып, дененің асимметриясы туындады. Сирек кездесетін ауруға байланысты Калимнің әр қолының салмағы шамамен сегіз килограмм.

Аурудың кесірінен құрдастары одан өздерін алшақ ұстайды және оны халк деп атаған. Оған сәтсіз ота жасалған, содан кейін қолдары тез өсе бастады.

Мұхаммедтің туыстарының айтуынша, оған әрдайым көмек керек. Ол  тамақты өзі жей алмайды және жуына алмайды. Бірақ ата-аналары жақсыдан күдер үзбейді және ұлына көмектесетін білікті мамандарды табуға тырысады. Калимнің әкесі Мұхаммед Шамим ұлы толыққанды өмір сүре алмай қала ма деп алаңдайды.

https://stan.kz/zhasospirimde-sirek-kezdesetin-auruga-baylanisti-sausak-375251/

Leave A Reply

Your email address will not be published.