«ШЫННЫҢ ЖҮЗІ — ШЕРАҒА» ДӘСТҮРЛІ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

144
Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қойраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай биылғы жылы «Шынның жүзі -Шераға» жыр мүшәйрасының ауқымы кеңейтіліп, республика бойынша өткізілді.
Аталмыш жыр додасына еліміздің әр өңірінен 39 ақын үміткер жырларын ұсынып, соның ішінен үздік деп танылған 5 ақынның жыры жүлделі орындарды иеленді. Атап айтатын болсақ:
Бас жүлде -Баймаханбет Тоққошқарұлы АХМЕТ
1орын — Табиғат АБАИЛДАЕВ
2 орын-Арайлы Серікқызы ЖАҚСЫЛЫҚ
3-орын — Біржан АХМЕР мен Балтабек Бүркітбайұлы НҰРҒАЛИЕВке бұйырды.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.