Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

78

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жұмысынан босады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін. Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде, әрине Қаңтардың орны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп-жетілді».- деп жазды.

Сондай-ақ алдағы жоспарын бөліскен Шыңғыс Мұқан әзірге ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоятынын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.