ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҚҰДІРЕТІ

63
Неге, 2000-шы жылы АҚШ-та шығатын «Тайм» журналы жəне бірнеше əлемнің халықаралық ұйымдары мен ақпарат құралдары Шыңғыс ханды «Екінші мыңжылдықтың адамы»-деп таныды?
Себебі, əлем тарихындағы қай кезеңді алсаң да, ешқайсы соғыссыз, талас — тартыссыз болған емес. Шыңғыс хан да өзінің алып империясын күшпен құрды. Өйткені, заман солай болды. Кəзір де əлемде билікке, жер ресурстарына талас жүріп жатыр…
Оған əлемдік кəрі тарих куə…
Дегенмен, дүние жүзі тарихында, Шыңғыс хан құрған алып мемлекеттің, тарихтағы алатын өзіндік жағымды орны мен орасан зор тарихи маңызы ерекше дəріптеледі…
Шыңғыс хан құрған империяның тарих маңыздылығы мынада:
1. Шыңғыс хан, түркі тілдес халықтардың тайпалық бірлестіктері мен əртүрлі тайпаның жеке-жеке мемлекеттерін бір орталыққа біріктіріп, əлемде теңдесі жоқ алып мемлекет құрды.
2. Шыңғыс хан əскері, ежелгі өркениет ошақтары, Шығыстағы ежелгі Қытай, батыстағы ежелгі Грек — Рим, оңтүстіктегі ежелгі Мохенджо–Даро, Хараппа, тіпті көне Шумер, Аккад, одан əрі ежелгі Египет жерінің шетіне жетті. Соның нәтижесінде, түрлі өркениеттердің сол кезге жеткен ғылымы, өнеркəсібі жəне мəдени жетістіктері өзара байланысты. Өзара сауда өркендеді. Соның арқасында, адамзат дамуы жаңа сатыға көтерілді. Бұл, жаңа қоғамдық формациялардың пайда болуына мұрындық болды.
3. Бүкіл Евроазия құрлығын мекен еткен көптеген халықтар, федалдық бытыраңқылықтан шығып, өздерінің дербес мемлекетін құрды. Бұл үрдіс кезінде де, Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің тегеуріні мен ықпалы шешуші роль атқарды.
4. Евроазия құрлығында 14-15 ғғ. болған саяси, экономикалық жəне әлеуметтік процестердің нәтижесінде, кəзіргі Қазақстан аумағында, 1457 жылы Шыңғыс хан құрған алып империяның заңды мұрагері ретінде, Қазақ хандығы құрылды.
5. Ол — бүкіл əлемге түркі тілдес халықтардың даңқын асқақтатты жəне бүкіл Азия құрлығы мен Шығыс Еуропаны бағындырып, бүкіл әлемдегі адамзатқа түркі тілдес халықтардың құдіретін мойындатты.
Сондықтан, біз үшін де ШЫҢҒЫС ХАН — МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ҰЛЫ АДАМЫ!
Шыңғыс ханның құдіреттілігі мен оның құрған алып мемлекетінің əлем тарихында алтын əріппен жазылуы мен оның орасан зор тарихи маңыздылығы, міне, осында…

Leave A Reply

Your email address will not be published.