Ер адамды құтқару сәті учаскелік полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған.
Оқиға мереке қарсаңында, кеше түнде болған. Куәгер полицияға хабарласып, мас ер адамның қөпқабатты үйдің шатырынан секіргелі жатқанын айтқан.
Оқиға орнына бірнеше минуттың ішінде учаскелік инспекторлар жетіп, шатырға көтеріліп, ер адамды құтқару үшін барын салды. Тәртіп сақшылары оның қолын ұстап, қауіпсіз жерге шығарып алды.
Қазіргі таңда азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
фото: pixabay.com
https://turkystan.kz/article/253981-shymkenttik-politseiler-shatyrdan-sekirmek-bolgan-azamatty-ku-tkardy