Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кеткен

86

8 сәуір күні Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті. Оқиға «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында болған. Жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр.

Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы Полиция  департаментінің жедел тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

Қазір оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.

Жүргізуші уақытша изоляторға қамалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.