Шымкентте ұлттық парк директоры мен орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды

102

пара

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

“Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді”, – делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр және тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.https://stan.kz/shimkentte-ylttik-park-direktori-men-orman-shrauashilig-376846/

Leave A Reply

Your email address will not be published.