Шымкентте салмағы 7 келі сәби дүниеге келді

138

Шымкенттегі қалалық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 50 грам, ал бойы 63 см сәби дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Акушерлік тәжірибеде 4-5 келі салмақпен туылған балалардың өзі әдетте рекордтық көрсеткіш деп саналады. Дәрігерлердің айтуынша, сәби 3 ақпан күні анасына кесар тілігі арқылы ота жасау арқылы дүниеге келген. Нәресте анасының екінші перзенті.

«Біздің перинаталдық орталықта күніне 30-дан астам сәби дүниеге келеді. Бізге жүктілігінің 39 аптасындағы әйел түсті. Тексеру барысында оның іштегі сәбиі өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңес жинап, әйелдің кесарь тілігі арқылы босану керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Ана мен бала 5 күн бойы біздің қарауымызда болып, кейін үйлеріне шығарылды»,- деді акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.

https://turkystan.kz/article/220948-shymkentte-salmagy-7-keli-sebi-duniege-keldi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.