Шымкентте пәтер жалдаушы үй иесінің ұлын пышақтаған

59

Шымкентте бөлме жалдаушы үй иесінің ұлына пышақ сұққан деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған.

«Жалға берушілермен ортақ аулада бөлме жалдап тұратын 52 жастағы азамат мас күйде үй иесінің ұлынан белгілі бір мекенжайға апаруын өтінген. Жолда ер азамат көлікті дүкен алдына тоқтатуды сұрап, жас жігітке анасының қарызын қайтаруын талап еткен. Жәбірленуші қарсылық танытқан кезде, ол қалтасынан ас үй пышағын шығарып, жігіттің кеуде тұсынан ұрған. Кейін оқиға орнынан бойтасалаған. Ауыр жарақат алған жігіт ауруханаға түсті», – делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) іс тіркелді. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қала аумағында қолға түсірді. Іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

https://turkystan.kz/article/213673-shymkentte-peter-zhaldaushy-uy-iesinin-ulyn-pyshaktagan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.