Бүгінгі таңда 625-ке жуық жекеменшік балабақша ел бюджеті есебінен қаржыландырылады
Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, осы мақсатқа жету үшін бизнестің өз кірісін ашық жариялауы және салықтарды адал төлеуі маңызды.
Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалада салық міндеттемелерін әдейі төмендеткен кәсіпкерлер анықталғанын айтты.
Мысалы, қоғамдық тамақтандыру желілерінің бірі 2,5 миллиард теңгенің орнына тек бестен бір бөлігін – 625 миллион аударған.
«Шағын және орта бизнесті дамыту, салық түсімдерінің өсуі және жаңа өндірістер құру бізге қала бюджетін ұлғайтуға көмектеседі. Ұзақ мерзімді перспективада Шымкент экономикалық тәуелділіктен шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін мегаполиске айналуға тиіс», – дейді Сәрсен Құранбек.
Бүгінгі таңда 625-ке жуық жекеменшік балабақша ел бюджеті есебінен қаржыландырылады. Алайда олардың кейбіреулері мемлекеттен 130 миллион теңге алып, тек 100 мың салық төлеген.
«Бұған дейін жеке қаржыландыру енгізілгенге дейін балабақшадағы орынға кезекте шамамен 11-12 мың бала тұрған, жылына кезек небәрі 2,5 мың орынға жылжыған. Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін 24 мыңға жуық бала балабақшаға баруға мүмкіндік алды. Мұндай жағдай жекеменшік мектептерде де байқалуы мүмкін және ерте ме, кеш пе біз мұны анықтаймыз», – дейді Сәрсен Құрамбек.
Шенеунік сонымен қатар жеке мектептер жабылуы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды. Керісінше олардың саны артады. Мұндай мектептерді қаржыландыру енді тікелей қала бюджетінен жүзеге асырылады.
https://turkystan.kz/article/256972-shymkentte-memleketten-130-mln-algan-balabaksha-100-myn-tenge-salyk-tolegen