Шымкентте қаладағы ең үлкен мешіт ашылды: Мешітке бір уақытта 12 мың адам сияды

94

мешіт

Видеодан скриншот

Сырты ақ мәрмәрмен көмкерілген рухани орталықтың аумағы 12 гектарды алып жатыр. Ал оның ішіне 12 мың адам сияды. Сейтжан қари есімі берілген құлшылық орнын белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжанов салған.

“Осындай деңгейге жетуге бірінші Алла, екінші бабаларымыз, үшінші өзімнің әкеме арнап сол кезде әкемізде 6 жастан бастап 12 жаста құранды жаттап алған қари болған кісі. Осы жағдайдың бәрі атамыздан, әкемізден тараған. Ал енді соның үлкен салтанатты ақмешіттің ашылуына келіп отырмыз. Сіздерге мың да бір рақмет!” – деді кәсіпкер.

Мешіттің ашылуына Сауд Арабиясынан арнайы келген шейх кесті. Құранды бірнеше тілде қағаз бетіне түсірген каллиграфтың атасы қазақ екен. Атамекеніме келгеніме қуаныштымын деген құрметті қонақ жұмада жиналған жамағатқа ақ батасын берді.

“Бұл жерге бірінші рет келіп отырмын. Қазақстан туралы, қазақтар туралы айтар болсам олар сондай жомарт халық екен. Ақкөңіл. Жүректерінде дінге деген, құранға деген махаббат бар. Осындай халықтың ортасына келгеніме мен қуаныштымын”, – деді каллиграф Шейх Осман Тоһа.

Айта кетейік, мешіт ішінде медресе, мұражай мен кітапхана бар. Одан бөлек 600 адамдық ас беру, конференция залы, неке қию және дәретхана да салынған.

https://stan.kz/shimkentte-kaladagi-en-ulken-meshit-ashildi-meshitke-bi-400779/

Leave A Reply

Your email address will not be published.