Шымкентте Білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

58

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған адамдарға 36 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

https://turkystan.kz/article/229195-shymkentte-bilim-baskarmasynyn-lauazymdy-tulgalary-sottaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.