Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

55

Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлаған, баланың үйде ата-анасының қарауынсыз болғаны да анықталды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқыс оқиға 23 наурызда күндізгі уақытта Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына қарасты 16 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді (жағдайы ауыр).

«Қазіргі таңда қыз балаға ота жасалды, ол комада, әлі есін жимады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», – деп атап өтті Шымкент қаласы ТЖД.

https://turkystan.kz/article/217938-shymkentte-5-zhasar-kyz-tortinshi-kabattan-kulap-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.