Шығын – 3 миллиард теңге: Ақтөбеде 300-ден астам үлескерді алдаған «Сафина» тұрғын үй кешені ісі бойынша сот үкімі шықты

75

Фото: “Диапазон”

Ақтөбенің №2 соты Бауыржан Кәрімов пен Абат Жарасхановқа қатысты үкім шығарды. Аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сот оларды 6,8 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.

Кәрімов 312 үлескерден 2 миллиард 933 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алған. 2019-2022 жылдар аралығында халыққа төрт көпқабатты үй салуға уәде беріп, ақша жинаған. Осы уақыт ішінде екі ғимарат ішінара тұрғызылды, содан кейін барлық нысандағы құрылыс тоқтады.

Кейін инвестор ретінде Жарасханов шықты. Ол үйлердің құрылысын аяқтауға уәде беріп, бұл үшін халықтан тағы 227 миллион теңге жинады. Бірақ құрылыс тіпті басталмаған.

«Төрт үйдің екінші және төртінші ғимараттары ғана ішінара салынып бітпеген. Қалған барлық ғимараттың құрылысы аяқталмаған. Олардың айтуынша, ГАСК заңбұзушылықтар орын алды деп, оларды қабылдаудан бас тартыпты», – деді Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Теміржан Алданов.



Сотта Бауыржан Кәрімов алаяқтық жасағанын мойындады, Абат Жарасханов мойындамады. Сот оларды жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтеуге міндеттеді. Ол үшін жәбірленушілер азаматтық сотқа жүгінуі керек.

«Бізді жәбірленуші деп тану керек еді, енді «ҚұрылысСтрой» ЖШС-нің қадамын күтеміз. Бұл компания әкімдік есебінен проблемалы үйлеріміздің құрылысын аяқтау үшін ашылды», – деді ақтөбелік Ғалия Қабдрахманова.

Қалалық сотта жеті ғимарат бойынша тағы екі құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер қаралып жатыр. Ақтөбеде қазір осындай дау тудырған он бір үй бар.

https://stan.kz/shigin-3-milliard-tenge-aktobede-300-den-astam-uleskerd-404531/

Leave A Reply

Your email address will not be published.