Шулықтар «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазымен кездесті

506

Шу ауданында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ақын, Қазақстан жазушылар және журналистер Одағының мүшесі Мақпал Мысаның аудан жастарымен кездесу кеші өтті.

Жиында Мақпал Мыса поэзия әлеміндегі ойларымен бөлісіп, өлендерін оқыды. Шығармашыл жан ниеттенсе алар асуларының биік боларына сендірді. Кездесу барысында шулық оқырмандар да ақын өлеңдерін жатқа оқып, сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, келген қонақтарды бірде балқытып, бірде шалқытып отырды. Кеш соңында белгілі суретші, мүсінші Қали Қораласбаев ақынның өлеңіне арналған туындысын табыс етті.
— Өлең – менің тағдырым, жетістікке жеткізді. Сондықтан да сіздерге айтарым, табиғат берген талантты барынша баптап, оны дамыта білу керек. Сонда ғана сіз табысты боласыз,-деді ол.
Мақпал Мыса «Алақандағы бақыт», «Мен керекпін» және «Аспантаудың көктемі», «Шоған Абыз» атты төрт кітаптың авторы. Сонымен қатар, Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.