ШУДА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

262

Жаңа жатақханада 120 студентке арналған жатын орын бар екенін айта кету керек. Сондай-ақ, мұндағы бөлмелер екі, үш және төрт адамға арналған жиһаздармен жабдықталған. Заманауи үлгідегі жатақханада студенттерге қажетті өзге де игіліктер қарастырылған.

Биылғы оқу жылынан бастап жатақхана бөлмелері негізінен шалғай елді мекендерден келетін студенттерге берілмек. Ауданымызда Шу гуманитарлық колледжі мен Теміржол және Алмас колледждерінің барын ескерсек, жатақханаға деген сұраныстың да жоғары екенін аңғару қиын емес. Сол себепті де Гүлнәр Жүнісәлиеваның бастамасымен бой көтерген жатақхана өңір студенттеріне өте қолайлы болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.