Шу аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Туған жерім-дархан далам!» тақырыбында аудандағы ауыл күндері аясында Мойынқұм, Ақтөбе ауылдық округтері күні өтті.
Бүгінгі мерекелік іс-шара ауылдың көш керуені сән-салтанатымен мәдениет үйінің алдына әндерімен келіп көрермендерді селт еткізді. Мәдениет үйінің алдынан ұлттық тағамдарымен қонақтарды күтіп алып, фойеде қазақ ұлттық көрмелері мен қолданбалы қол өнердің көрмесі, азербайжан ұлтының ұлттық тағамдары мен ауылшаруашылық өнімдері көрмесі халыққа ұсынылды.
Ауыл өнерпаздарының «Туған жерім-дархан далам!» атты сазды бағдарламасы барысында театрландырылған көрініс, ауыл өнерпаздары Н.Сейсенәлі «Ауылым», «Жігіттер» би тобы «Тау халық биі», Е.Уәтай «Сары бидай» т.б көптеген әндер өнер сүйер қауым назарына ұсынылды.