ШУДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

106

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың және ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Жиын барысында саяси науқан алдындағы өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығы мен аудан тұрғындарының саяси науқаннан тыс қалмауына қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар, ағымдағы айда аудандағы 4 ауылдық округтің әкімдері сайланатыны белгілі. Сол себепті де жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет.

Кеңес барысында аудан басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да саяси науқаннан шет қалмауы, өзге де сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасау сынды мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмаларды жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.