АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

176
Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков бүгін шалғай орналасқан Ақбақай, Мирный, Хантау ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Онда бірқатар мәселелерді талқылап, ауыл әкімдерінің істеген жұмыстары пысықталды.
Алдымен аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы елді мекендердегі әлеуметтік нысандарда болып, жылу жүйесі мен жылыту қазандықтарын аралады. Сонымен бірге ауыл тұрғындарымен кездесіп, осы кезеңге дейін атқарған жұмыстарды талқылап, шешімін тапқан мәселелерге де тоқтала келе алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары ауыз су, жол, жұмыссыздық мәселелері және медицина, білім салаларына байланысты ұсыныстары мен сауалдарын бүкпесіз жеткізді. Сауал ұсыныстарына аудан әкімі бөлім, мекеме басшыларынан анықтама ала отырып, заң талаптарына сәйкес жауаптар берді.
Тұрғындармен кездесу алдағы уақытта Қызылотау, Қызылтал ауылдық округтерінде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.