Шу ауданында «ГАЗБАЛЛОН» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді !!!

48
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және Шу ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 24-26 тамыз аралығында Республикалық «ГАЗБАЛЛОН» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Шу ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып Шу ауданы аумағындағы автокөліктерге заңсыз орнатылған газ құрылғыларын анықтау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында арнайы газ құрылғылары туралы ескертпе парақтары автокөлік жүргізушілеріне таратылды. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілеріне газ құрылғысынан келетін зардаптар және материалдық шығындар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Автокөлікке газ құрылғыларын орнатуды, тек арнайы лицензиясы бар мекемелерде жүргізу туралы ескертілді. Құрметті Шу ауданы тұрғындары көліктегі өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар және Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар !!!
Шу ауданының ТЖ бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.