Халықаралық Жастар күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысып, аудан жастарын төл мерекелерімен құттықтадық. Сонымен қатар, өңіріміздегі түрлі салаларда еңбек етіп жүрген белсенді жастарды марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледік.
Ашық аспан астында еркін форматта өткен шарада аудан жастары әннен шашу шашып, мың бұрала би де биледі. Одан бөлек, жиналған жастар спорттық ойындардан бақ сынасып, кім мықтыны анықтады. Сондай-ақ, қаладағы “Теміржолшылар” саябағында облыстық “Жайдарман” ойындары ұйымдастырылып, Тараз қаласы мен өзге аудандардан келген командалар “Жазғы кубокты” сарапқа салды.
Еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа кезеңге бет түзеген тұста жастар мемлекеттегі басты қозғаушы күшке айналуы тиіс. Жас буын ортақ мүддеге ұйысып, тың бастамалар мен шешімдерді жүзеге асыруда мемлекеттің сенімді тірегіне айналуы қажет. Бұл ретте жаңашыл жастарға айрықша қолдау білдіру үлкен маңызға ие екенін атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жандана түсетін болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі