ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

77
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимовтың төрағалығымен Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Момбаев Ермек Жамбылұлының бұрйығына сәйкес «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу барысын талқылауға арналған аудандық штаб отырысында өтті.
Жиынға штаб мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Штаб отырысының күн тәртібінде «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбы бойынша ағымдағы жылдың 23-24 қараша аралығында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Сарысу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау подполковнигі Жақсылық Танабаев ауданда қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жедел әрекет ету жасақтарының оқу-жаттығу жиынына дайындығы туралы хабарлама жасады.
Штаб отырысында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өз деңдейінде өткізу тапсырылды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.