Сарысу ауданында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды

104
Бүгін ауданда «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, шұғыл әрекет ету жасақтарының қыс мезгіліндегі дайындығы тексерілді.
Орталық алаңға аудандық төтенше жағдай, азаматтық қорғау қызметтері, орман шаруашылығы, құқық қорғау, жедел жәрдем қызметі, аудандық коммуналдық кәсіпорындардың, өзге де жауапты мекемелердің күш-құралдары мен техникалары сапқа тұрғызылды.
Оқу жаттығу жиынына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, әрбір жеке құрамның дайындығын мұқият қарап шықты.
Әрбір жеке құрамның төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет ету міндеттері нақтыланып, мекемелердің қысқы дайындықтары бойынша жұмыстары пысықталды.
Оқу-жаттығу жиынына жедел әрекет ету жасақтарының 14 құрамы, 23 техника және 68 адам қатысты.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.