Шостакович көшесі күрделі жөндеуден өтуде

134

Тараз қаласындағы күрделі жөндеуді қажет ететін көшелердің бірі Шостакович болатын. Өйткені мөлтек аудандарды жалғап жатқан көшемен көлік те, адам да көп жүреді. Көше тар болғандықтан, жиі кептеліс орын алып жататын. Міне, биыл осы олқылықтың орны толып, аталмыш көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жаздың бірінші айында басталған құрылыс жұмыстары қазір қарқынды. Мұнда жол жабындысының екінші қабаты төселуде. Жаяу жүргіншілер жолы да салынуда.
Ұзындығы 2 шақырым 800 метр болатын жол жөндеу жұмысын «UNISERV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «Қабылан эксперт» ЖШС.
Қазір құрылыс алаңында 14 техника, 20-ға жуық адам жұмыс істеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.