ШҚО-дағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды

156

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы шахтада жұмысшының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz YK-news сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 наурызда мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының Шемонаиха ауданындағы «Артемьевская» шахтасында болған. Марқұм бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеген.

«Оның нақты неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, құрамына компания мамандары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Өлімге не себеп болғанын сол комиссия анықтайды» – деді KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Оның айтуынша, KAZ Minerals тобы басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді.

https://turkystan.kz/article/218369-shko-dagy-shahtada-zhumysshy-oli-kuyinde-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.