Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Жаңатас қаласындағы орталық алаңда өтіп жатқан «Мәдениет-асыл қазынам» мерекелік шарада аудандық кітапхана ұйымдастырған «Шежіре тұнған, асылдар туған, киелі құт мекен — Сарысуым» атты кітап көрмесі көпшілікке аудан тарихынан сыр шертсе, ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда қазақ күресі, арқан тарту, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ, садақ ату, теңге ілу, қыз қуу ойындарымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлердің көріністері мерейтойдың ажарын айшықтай түсуде.
Аудан төріндегі дүбірлі тойға этно-мәдени орталық өкілдері де белсене ат салысып жатыр.