Шетелдік құқық бұзушы анықталды

80

12 наурыз 2024 жылы Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі кеші-қон кызметі тобының кызметкерлерімен Тараз станциясы теміржол вокзалында «Мигрант» ЖПШШ тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Тәжікстан Республикасының 1989 және 1988 жылы туған азаматтары анықталған. Аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-кұжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ағымдағы жылдың 12 наурызы күні аталған құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасынан сот қаулысына сәйкес әкімшілік жолмен шығарылып, 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.