ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шерхан Мұртазаның жаназасы өтетін орынды хабарлады.
«Шерхан Мұратазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады», — деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.