ШЕКАРАШЫЛАРҒА АЭС-ТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

32

Ағымдағы жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор.

Осы орайда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары майор Т.Сағадатұлының ұйымдастыруымен«Қазақстан Республикасының атом электр станциясын салу және референдум» бойыншаәскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Әйгерім Арыстанбекқызы Сарсенбаева және «Ауыл» партия мүшесі Рысбаева Сауле Мақашқызы қатысып, ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, кездесу барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы сөз қозғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.