Шайданада еңселі арка ашылды

162
Бүгін Шайдана ауылы тұрғындарының ауызбіршілігмен елді мекенге кіреберіс қапталға еңселі арка орнатылып, салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге ауыл тумасы, республика танымал әнші Ғани Матебаев келіп, «Ауылым» әнін және ауыл өнерпаздары арнау оқып, әннен шашу шашты.
Ашылуына аудан әкімінің орынбасары орынбасары Нұрлан Несіпбеков, ауыл қариялары мен жастары, ауыл тумалы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Ауыл азаматы Ақылбек Әсілбекұлының айтуынша, ауыл азаматтары еңселі қақпаны орнату үшін жұдырықтай жұмылылған.
– Ауылдан артық кіндік қаны тамған азамат үшін ыстық жер бар ма екен. Ауылдың әр жылғылары ұйымдасып, 4,5 млн теңгеге арка салып, жарықтандырып та қойдық. Ауылдың ауызбіршілігі арта берсін, — деді өз сөзінде.
Сондай-ақ ауыл азаматтары «Сәтбай ата» мешітінде жайылған ақ дастарханнан дәм татса, ауданның бас имамы құран бағыштады.
Сонымен қатар «Шайдана-Алмаз» әуесқой футбол командасының ұйымдастыруымен кіші футболдан ашық турнир ұйымдастырылып, оған 20-дан астам команда қатысуда.
Шараға Қарасу ауылдық округінің әкімі Айдын Масатов және ілкімді азаматтар Әділ Байұзақов, Жәлел Қасықбаев бастаған тұрғындар атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.