ШАТ КҮЛКІСІ СӘБИДІҢ

89
Наурызнаманың онкүндігіндегі Шаңырақ күні — ырыс пен бірліктің, береке мен бақыттың басты нышаны. Бұл күні әрбір отбасы мерейлі мерекемен бір бірін құттықтап, ыстық ықыластарын арнайды.
Осы орайда, бүгін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова Шаңырақ күнінде дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтап, отбасына амандық, дендеріне саулық тіледі. Жаңа туған сәбилер Ұлыстың Ұлы күнінде әр шаңыраққа мол несібесімен келсін деген тілегін жеткізіп, естелік сыйлықтарды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.