Биыл көктемнің жауынды маусымын шаруалар ұтымды пайдаланды. Оның үстіне қыс айында шаруалардың басын қосып, қазірден келер жылдың өнімін орналастыруға жаппай кірісу керектігін, үстіміздегі жыл қарайласатынын айтқанбыз.
Бүгінде шаруалардың жер-анаға төккен тері ақталды. Бір ғана пияздың өнімі осы сөзімізге дәлел. Шаруалар ерте көктемде 5600 гектарға пияз орналастырса, бүгінде одан 208 мың 406 тонна өнім жинап үлгерді. Жиын-терін науқаны аяқталуға аз қалды.
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі