Шалшық суға құлаған. Ақтөбе облысында 4 жасар бала көз жұмды

79

Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Диапазон басылымына сілтеп. 

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 23 наурызда шамамен 13:00-де Ебейті ауылында болған. Ағайындылардың екі баласы еріген қар суы жиналып қалған жерде ойнап жүрген. 4 жасар бала етбетімен құлап, суға тұншығып қайтыс болды. Екінші бала аман.

«Ол жерде су қатты терең емес, шамамен 15 сантиметр. Еріген қардың суы балалар тұратын үйден 150 метр шалғай жерде жиналып қалған», — дейді әкімдік мамандары.

 

adyrna.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.