«Шахристан» базарының орнына мәдени-демалыс орталығы салынады

1 517

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес бұрынғы Шахристан базары аумағы мәдени – демалыс орталығына айналмақ.

200 гектардан астам аумақты алып жатқан Шахристан кешенінде көркем сурет галереясы, музей, көрме және руханият орталығы, қолөнер шеберханасы, мейрамхана сонымен қатар амфитеатр және көлемді сағат стелласы сияқты бірнеше нысан бой көтереді.

Сондай-ақ, облыс, қала әкімдік маңайы да түрленетін болады. Бұрынғы субұрқақтар орнына түрлі-түсті әуен ырғағына сай қозғалатын жаңа тұрпаттағы фонтандар іске қосылады. Құрылыс жұмыстары маусым айында бастау алып, қыркүйекте тамаша тарту болмақ.

Қазіргі уақытта облыстық архитектуралық бюро эскиздік жобаларды әзірлеуге кіріскен. Көне шаһардың мазмұнына мән, көркіне сән беретін жаңашыл жобалар жалғасатын болады.

Бұдан бөлек, Таразда үш музей салынатын болды. Олар – «Даңқ», «Желтоқсан» және Жамбыл Жабаев атындағы музейлер.

Екі музей шаһарда жыл соңына дейін пайда болады. Қазір облыстық тариха-өлкетану музейінің қызметкерлері жаңа экспонаттар жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Экспонат сыйла» акциясы аясында бұл істе қала тұрғындары да музей қорын толықтыруда.

«Тарихи-өлкетану музейінің қорында 66 мыңға жуық экспонат бар болса, экспзицияларың басым көпшілігі жамбылдықтардың арқасында пайда болған. Қала тұрғындары өткен ғасырдық ерешке бұйым-дүниелерін музейге тарту еткен.

«Осы жылы бізде шамамен 10 экспонат пайда болды. Бұл археология, энография бұйымдары, тұрмыстық заттар. Тұрақты түрде болмаса да, музейге тарту жасайтындар баршылық. Себебі, театр киім ілетін орыннан басталса, музей өз қорынан басталады», – дейді облыстағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова.

Қазіргі уақытта экспонаттарды үш музейге бөлу қолға алынып жатыр. Мысалы, Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіровке тиесілі текемет «Даңқ» музейіне жөнелтіледі.

Жалпы, Асқар Мырзахметов облысқа әкім болып келген бойы тарихи орындарға да ерекше көңіл бөле бастағаны жасырын емес. Әсіресе,  ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізбесіне енген Ақыртас қалашығын қайта жаңғырту үшін  Мәдениет және спорт министрігі және  «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен үш  жақты меморандумға қол қойып, мәмілеге келуін  айрықша айтуға болады.

Аталмыш кездесуде аймақ басшысы  Ақыртас қалашығын қайта жаңғырту тарих алдындағы парызымыз екенін баса айтты. Шынында ғалымдар Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстармен ұқсастығын аңғарған Ақыртастың қойнауында талай құпия сыр жатыр. Тіпті кейбірі «Ақыртас VIII ғасырдың екінші жартысында, яғни 751 жылы қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орныққан кезде салынған. Алайда құрылысы белгісіз себептермен тоқтап қалған. Ұлы Жібек жолында орналасқан Касрибас қаласы Ақыртас болуы мүмкін» деген деректерді де алға тартады. Міне, осындай тарихи мекенде археологиялық қазба жұмыстары жүрген сайын бізге беймәлім деректер табыла беретіні анық.  Ендеше, өңір туризімінің төлқұжатына айналуға үміткер кешенді басты назарға алуы облыс әкімдігінің көрегенділігі. Әрі туризімді түк ұшыруға деген адал ниеті. Оған,  тек тарихи нысандармен тоқталып қалмай,  Жуалы ауданынан  шаңғы спортына арналған алаңша салу жобасы да дәлел бола алады.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.