Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек 2 бөлмелі пәтер табысталды

51
Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек 2 бөлмелі пәтер табысталды
 Астана әкімдігі

 Астана қаласының әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Әлемдік шахмат спортында тамаша табыстарға қол жеткізген Қазыбек Нөгербек өзінің мансабында бірнеше жетістіктерге жетті. Соның ішінде 20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді. Оның Үндістанда өткен әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі ерекше назар аудартады, онда ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 қатысушының ішіндегі мықты бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты.

Салтанатты жиында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазыбек Нөгербекті жеткен жетістігімен құттықтап, «Damu Development Group» консорциумы берген баспана алу сертификатын табыс етті.

Шараға қатысқан елордалық федерация президенті А.Е.Сағымбаев спортшының жетістіктерін мақтан етіп, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

https://turkystan.kz/article/245185-shakhmattan-lem-chempiony-kazybek-nogerbek-2-bolmeli-p-ter-tabystaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.