Шағын және орта бизнесті дамытуды қаржыландыру негізгі бағытқа айналды

55

Жамбылдық шаруалар 20,8 млрд. теңге субсидия алды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашалығы саласының әлеуеті мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Биыл ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 24,6 млрд. теңге бөлініп, салаға 14,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 626,7 мың га құрады. Өңірде қант қызылшасынан басқа барлық дақылдар бойынша егін жинау науқаны аяқталып, 3,6 млн. тонна өнім алынды.

600 мың тонна қант қызылшасы жиналып, орташа өнімділігі 650 ц/га құрады. Жиналған өнім Меркі және Ақсу зауыттарына өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 26,2 млн. АҚШ доллардың 134 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (2023 ж. — 18,2 млн. АҚШ долларға 53 мың тонна).

Қант қызылшасын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде.

Биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бағдарламасы іске қосылып, 3,2 млрд. теңгеге 244 бірлік техника сатып алынды. Нәтижесінде жаңғырту деңгейі 8 пайызды құрады.

Жыл басынан агроөнеркәсіп кешенінде 10,8 млрд. теңгенің 12 инвестициялық жобасы іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды.

СҚО тәжірибесін кеңейту аясында 1 913 басқа арналған 4 тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталуда, олар 2025 жылы пайдалануға беріліп, жылдық сүт өндірісін 15 мың тоннаға ұлғайтады. Сондай-ақ тағы 5 замануи көкөніс сақтау қоймасын (сыйымдылығы 32 мың тонна) іске қосу көзделген.

Бұдан бөлек, жалпы сомасы 8,5 млрд.теңгеге су үнемдеу технологиялары, тері мен жүнді өңдеу, алма шырынын, балалар пюресін, балық және үй жануарлары азығын, фри картобын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарланған.

Қытайлық «Fufeng Group» компаниясымен бірлесіп, 500 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін еліміз үшін бірегей жобаны жүзеге асыру басталды.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд. теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды.

Биылдан бастап шағын және орта бизнесті дамытуды қаржыландыру негізгі бағытқа айналды. Несие жылдық 2,5 пайызбен 5 жылға жеке кәсіпкерге 9,2 млн. теңгеге дейін, кооперативтерге 29,5 млн. теңгеге дейін беріледі.

Ербол Қарашөкеев Президенттің суармалы егістік алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы БАҚ өкілдеріне ақпарат берді.

Халықаралық банктердің несиесі есебінен жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша 6 ауданда (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу) ұзындығы 608 шақырымды құрайтын 183 канал қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде 47,5 мың гектар суармалы алқаптың сумен қамтылу деңгейі артты.

55,4 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілді.

Өңірде Kazakh Industrial Stroi (ҚХР) кәсіпорны каналдарға арналған бетон жабындарын, ал Kazkaspi Hydro (ҚХР) тамшылатып суару жүйелерін, «Ans Plast» (Қазақстан) спринклерлік жабдықтар мен ПВХ құбырларын шығаруды қолға алды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.