Шағын шаһар тірлігімен шырайлы

227

Қазіргі шағын шаһар — сәні мен салтанаты келіскен, уақытпен үндескен, тұрғындарын тартып тұратын қала.
Бұған дейін аз жұмыс атқарылған жоқ. Оған халық куә. Тиісті тірліктер әлі де жасалып жатыр, атқарыла бермек. Мәселен, 3 мөлтек ауданы №69 көпқабатты үйдің ауласына балалар ойын алаңшасы соғылды.
Желдің өтінде орналасқан тұрғындардың қуанышы шексіз, ризашылығын білдіріп те жатыр.
Тағы бір айта кететін дүние, №59, 61-ші көпқабатты тұрғын үйлер алдындағы спорт алаңшасын жыл басын­дағы дауылдың бүлдіргені көптің есінде. Аз уақыттың ішінде осы нысан орнына келтірілді. Тіптен алдағы қалпынан сапалы. Оны жергілікті тұрғындарың өздері айтып отыр.
Қар мен жаңбыр суынан тұрғындардың жүруіне қолайсыздық тудырған Ш.Өмірзақұлы, Қ.Сағырбаев, Ш.Құдайбердиев, Железнодорожная, Рысбек батыр көшесінің 3-бұрылысы, «Флора» саяжайының «Көктем», «Зеленая», «Лашын», «Көкорай» көшесіндегі ойдым шұқырлар қатынап жүрген көптің наразылығын оятатын. Бұл мәселе де оң шешімін тапты.
Одан бөлек, Р.Сұлтанбеков, М.Мәметова, А.Пушкин, Ә.Молдағұлова көшелерінің бойына жарық шамдары орнатылды.
Сонымен қатар, 3 мөлтек ауданы №48, №51, Ә.Молда­ғұлова №41, №33, №35 және Саңырық батыр №7 көпқабатты үйлердің кіре берістеріне орындықтар орнатылды.
Әлі де жоспардағы жұмыстар аз емес Ол туралы қала әкімі Дархан Баймбетов: — Алда атқарылатын бірқатар ша­руа бар. Атап айтсам, 5 мөлтек ауданы №54, Б.Момышұлы №9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына ойын алаңша­сын орнату, Геолог, Қ.Жарқынбеков, Ш.Құдайбердиев көшесінің соңына, Б.Майлин, К.Әзірбаев, 3 мөлтек ауданы №43, №45 үйлердің ауласына жарық орнату.
Тағы бір айта кететін жайт, көпқабатты тұрғын үйлердің ауларындағы қоқыс контейнерлерінің ішкі, сыртқы айналасын қоқыстан тазарту жұмыстары «Таза қала-Қаратау» ЖШС мекемесіне жүктелген,-дейді.
Рас, қаланы таза ұстау-өз қолымызда. Таза қала- келген қонаққа да, көрер көзге де әдемі. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қала тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде де осы жайында мәселе көтерген болатын.
Адамның жарасымы — тазалыққа байланысты. Мұны тұрғындар түсінсе керек.

Нарбол Қашаған, «Talas ynysy».

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.