«Сезімнің сырлы әлемі»

65

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Дарын» Жастар Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабаның қатысуымен «Сезімнің сырлы әлемі» поэзия кеші өтті.
Іс-шара барысында жергілікті зиялы қауым өкілдері жазушы, публицист Көсемәлі Сәттібайұлы, профессор Сейсекүл Исматова, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев, ақын және журналист Ғайни Әлімбекқызы атажұртына оралғанына 30 жыл толуына орай Арқа мен Алатаудың арасын жалғап, өлең мен әннің алтын арнасын арқалап, Жамбыл жеріне жүрегінің үнімен жеткен ақынға жылы тілектерін арнады.
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Маралбек Бабақұлов, Қайсар Көкішов, Айнұр Атаниязова «Жаңарған Жамбыл», «Ауылым» әндерін шырқаса, Әлібек Малдыбаев «Құстар» композициясын саксофонда орындады.
Ақсұңқар Ақынбабаның «Біз – Түркілерміз!», «Мынау дала…», «Сен екеуміз», «Ізде мені», «Бәрі жақсы болады», «Өмір, сені шын сүйдім…», «Керемет неткен!» жырларын, «Қыз бен жігіт» поэтикалық диалогы мен Анна Ахматованың «Бәрі адыра» өлеңінің аудармасын нақышына келтіріп оқыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.