Серікзат Дүйсенғазы министрмен еліміздегі демалыс орындарының мәселесін талқылады

91

Серікзат Дүйсенғазы министрмен еліміздегі демалыс орындарының мәселесін талқылады. Бұл туралы айтыскер ақын Facebook-тегі парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың қабылдауында болдым. Асхат Раздықұлымен Қазақстандағы көпшілік демалатын орындардың қауіпсіздігін ретке келтіруді ақылдастық. Ұлым Әлихан оқыс жағдайда қайтыс болғаннан кейін маған ондаған адам хабарласты. Бірнешеуінің баласы біздікі сияқты сырғанақта соғылып қайтыс болған, енді бірінікі шомылатын бассейнде қайтыс болған, тағы бірі сырғанақта темір бағанға соғылып омыртқасын сындырған, енді бірі қол-аяғын сындырған. Қылмыстық іс ашылғанымен ешқайсы әділдікке жетпей істі жауып тастап отырған. Себебі, демалыс орындарын иеленген олигархтардың тамыры тереңде. Олармен соттасуға қарапайым адамдардың шамасы жетпейді. Егер олар қауіпсіздік ережелерін сақтамай осылай кете беретін болса алда талай адамдарымызды жоғалтарымыз анық. Сондықтан Асхат мырзамен осы мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобын құрамыз деп шештік.» – деп жазды С.Дүйсенғазы

https://turkystan.kz/article/214388-serikzat-duysengazy-ministrmen-elimizdegi-demalys-oryndarynyn-meselesin-talkylady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.