Серікбол Сайлаубек ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды

71
Серікбол Сайлаубек ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды
 «Ұйқым келмейді» бағдарламасы

Өнер иесі бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде әкесінің Алладан «бір көзі соқыр болса да, бір ұл берші» деп сұрағанын айтқан болатын. Көпшілік әншінің осы сұхбатынан соң оны әкесіне ренжулі деп түсінген.

Серікбол Сайлаубек «Ұйқым келмейді» бағдарламасында ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды.

«Мұны кім, қалай жазғанын білмеймін. Мен жалпы оқиғаны айттым. 16-17 жасымда әкемнен айырылып қалдым. Ол кісінің жүрегі тоқтап, марқұм болды. Әйтпесе, әкеміздің жанында болдық. Ол кісіге ренжитіндей жөнім жоқ.
Мен анамның айтқан әңгімесін баяндап бердім. Әкем Алладан «бір көзі соқыр болса да, ұл берші» деп сұрапты. Төрт қыздан кейін ұл сұраған. Әр ер адамға ұл керек қой. Менің туғаннан сол жақ көзім көрмейді. Осы әңгімеден кейін көпшілік басқаша түсінген екен. Ал «әкесіне ренжулі» деген әңгіме қате. Әкеме ешқашан ренжімегенмін. Мұндай әңгімеден аулақ болыңыздар. Әке деген асқар тау», — деді Серікбол Сайлаубек.https://turkystan.kz/article/234826-serikbol-saylaubek-el-arasynda-tara-an-auesetke-n-kte-oydy

Leave A Reply

Your email address will not be published.