Адамзаттың бейбітшілік әлеуетін арттыру үшін барлық қолда бар тетіктерді пайдалану өте маңызды — Бибігүл Жексенбай

48
Адамзаттың бейбітшілік әлеуетін арттыру үшін барлық қолда бар тетіктерді пайдалану өте маңызды - Бибігүл Жексенбай
 Ашық дереккөз

Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінде Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай айтты.

«Әлем тербеліп тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарының «аузы-мұрнынан» ағылған ақпараттың дені қақтығыстар , шешілмеген шиелініс, қатыгездік болып барады.

Бейбітшілік, татулық, ізгілік жөніндегі жаңалықтарды іздейтін де жағдайға жеттік.

Осындай кезеңде Қазақстанның бейбітшілік жолындағы ізгілікті істерін жалғастырудың маңыздылығы жыл сайын емес, ай сайын артып келеді десек артық болмас.  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасына дөңгеленген дүниенің әр бұрышынан қолдау білдіріп, Астанаға ат арытып келушілер саны да артып келеді.

Келесі Съезд 2025 жылы болады, ал жұмыс органы — Хатшылықтың алқалы жиыны бүгін  өтті.

Қазақстанның астанасына ондаған делегациялар, түрлі діни конфессиялар мен әлем елдерінің өкілдері келді. Кездесуде 2022 жылы өткен Съездің қорытындылары талқыланып,  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген алдағы 10 жылға арналған даму Тұжырымдамасы қабылданды.

Мемлекет басшысы The Jerusalem Post газетіндегі жуырдағы мақаласында Съезд өткен онжылдықтарда түрлі мәдениеттер мен діни қауымдастықтар өкілдері арасындағы өзара диалог қалыптастыруға зор мүмкіндік бергенін атап өтті.

Адамзаттың бейбітшілік әлеуетін арттыру үшін барлық қолда бар тетіктерді пайдалану өте маңызды.

Саясаткерлер қайшылықта болса да, дін көшбасшылары бар қайшылықтарды шешуге үлес қоса алатынын Маулен Ашимбаев баса айтты», — деді депутат.

Оның айтуынша, дүние жүзіндегі адамдардың 85%-ға жуығы өздерін дінге сенушілер қатарынан көреді. Бұл көрсеткіш дін көшбасшыларының бейбітшілікті насихаттаудағы әлеуеті де, парызы да өте жоғары екенін көрсетеді.

«Бейбітшілік мұратының дөңгелек үстеліне жиналған дін басшыларының баса айтқаны :

Осы уақытқа дейін ешбір ел  әртүрлі мәдениеттер мен діндердің өкілдерін ортақ құндылықтар мен принциптерге негіздеп біріктіруде Қазақстан секілді жүйелі көзқарас таныта алған жоқ.

Парламент Сенатының төрағасы, әрі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев:

«Біздің ел дінаралық және конфессияаралық диалогты бейбітшілік пен келісім мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде дәріптейді. Қазіргі таңда арандатушылардың теріс пиғылы үшін дінге сенушілердің діни наным-сеніміне манипуляция жасауы үлкен алаңдаушылық тудырады»-деді .

Отырыста Сьездің алдағы 10 жылға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Құжатқа сәйкес, алдағы кезеңде Сьезді елеулі трансформация күтіп тұр.

Әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселелерін шешу бағытында діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіретін нақты бастамалар бар.

БҰҰ институттарымен және басқа да халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық күшейте отырып, Сьездің Ізгі ниет елшілері институты құру, жас дін көшбасшыларының форумын өткізу бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданды. Тұжырымдаманың қабылдануы Съезд дамуының маңызды кезеңі болары даусыз.

20 жыл ішінде Съез уақыт тезінен өтіп, өзінің тұрақтылығы мен өзектілігін көрсетті.

Ал, жаңа кезең бұдан да тиімді болатынына сенім жоғары. Даналардың бірауыздан дауыс берген бүгінгі бастамасы осы.

Жиын барысындағы жылы сәттерді қағып алып, сурет баян жасаған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметіне арнайы алғыс айтамыз», — деді ол.https://turkystan.kz/article/234827-adamzatty-beybitshilik-leuetin-arttyru-shin-barly-olda-bar-tetikterdi-paydalanu-te-ma-yzdy-bibig-l-zheksenbay

Leave A Reply

Your email address will not be published.