Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қала әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай Сенат депутатының өңірге арнайы жұмыс сапары аясында қалалық мәслихат депутаттарымен жүздесуі – жергілікті жердегі проблемаларды заң шығару деңгейінде көтеруге, халықтың мұң-мұқтажын нақты жеткізуге үлкен мүмкіндік беретінін айтты.
Мазмұнды кездесу барысына жиналғандар Сенат депутатына сауалдар қойып, өзара пікір алмасты.