СЕН ӨЗІҢ!..

143
Тынышың кетіп, өміріңе көңілің толмай, әйтеуір кім болса да біреу жетіспей, шіркін, сүйіп-сүйгізіп өмір сүрсем мен бақытты болар едім деп ойлай бастайсың.
Бірақ, іс жүзінде, сол жетіспей тұрған жалғыз адамың — Сен өзіңсің! Егер саған сүйіспеншілік, жылулық жетіспей тұрған тәрізді болса, сол жетіспей тұрған нәрсе тағыда- Сен өзіңсің! Сен өзіңе жетіспейсің…
Егер саған материалдық заттар — киім, көлік, тағы бірдемелер жетіспесе, дәл шындығында саған оны алып беретін өзіңнің қабілетің жетіспейді деген сөз. Бұл қабілет өзіңдікі болғандықтан, Сен өзің өзіңе жетіспейсің. Бұл дүние-мүліктерді иелену мүмкіндігімен қатар, иеленетін иесі болушы Сен өзің мұнда жоқ болып тұрсың деген сөз.
Сен жақсы, абыройлы, үлкен, жылы қатынастағы ұжыммен адамдардың ортасында жұмыс істеуді, оқуды, бірге болуды армандайтын болсаң, онда бұл тілегің саған сені қайтарып береді деп ойласаң қателесесің. Жалпы сен өзіңді таппасаң, сол жетіспейтін адам — Сен өзіңсің.
Сенің тілеп- қалап, сағынып, жетіспей тұрған адамың- Сенің өзің!.
Сенің барлық мәселелеріңді шеше алатын, шешіп беретін жалғыз адам — Сенің өзің!
Сені жұбатып, көңіліңді көтеретін, өмірге қызықтыратын, бақытты ете алатын және шешім қабылдай алатын адам тек — Сен өзің!
Сені сүйіп, жақсы көретін, осы сезіммен сені толтыра алатын адам -тағы Сен өзің ғанасың!
Бұл сені ешкіммен араласпай жападан жалғыз бол деген сөз емес. Керісінше, сенің барлық сыртқы факторларға тәуелді болмай, өз өміріңе өзің қызмет ете бастаудың жалғыз жолың. Сонда ғана сен қалайтын, бірақ ала алмаған барлық нәрсе орындала бастайды. Сонда ғана саған сүйіспеншілік пен қамқорлық, қалаулы қоғам, жылулы орта өзі ере келеді.
Сен сырттан басқалардан көмек күтуді қойып, өзіңді-өзің қалыптастыра бастасаң, сенің бүкіл өмірің өзгереді.
Себебі өз өміріңе бақыт сыйлай алатын жалғыз адам- Сен өзіңсің!

Leave A Reply

Your email address will not be published.