Семейдегі аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі

69

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барған сапарында көлік дәлізін дамыту керегін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту керегін айтты.

«Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын», – деді Президент.

https://turkystan.kz/article/198679-semeydegi-aspaly-kopirge-kurdeli-zhondeu-zhurgiziledi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.