Семейде сауда үйі өртке оранды

92

Polisia.kz сайтының дерегінше, бұл жолы Шоқан Уәлиханов көшесінде орналасқан «Бирюса» сауда үйі өртенді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аспалы төбенің жануы салдарынан 426 шаршы метрде түтін шыққанын анықтады.

«18 кәсіпкер эвакуацияланды. Сауда үйін полиция қызметкерлері қоршап алды. Өрт сөндірушілер өртті жою бойынша қажетті шараларды жүргізуде», – делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда.

 

https://turkystan.kz/article/240059-semeyde-sauda-yi-rtke-orandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.