Семейде оқушы қызды құрдастары ұрып-соққан

122

Семейде оқушы қызды құрдастары ұрып-соққан. Жанжалдың барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды.

Оқиға 10 сәуір Семей қаласында болған.

15 сәуір осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

https://turkystan.kz/article/220031-semeyde-okushy-kyzdy-kurdastary-uryp-sokkan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.