Сау болу үшін – сақтан!

141

Жамбыл жастары тұрғындар арасында вирустың алдын алуын шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін Тараз қаласында Жібек жолы және Ақ-сұңқар қозғалысы волонтерлары қарапайым халыққа қандай жолмен коронавирустың аладын-алуға болатындығын жеткізді.

Тұрғындарға вирустың басты белгілері мен инфекция жұқтырған адамға алғашқы көмек көрсету түрлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында азаматтарға төмендегі шараларды қолға алу ұсынылды:

– қолды сабынмен жиі жуу;

– күн сайын ылғалды тазалау жүргізу;

– үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;

– дене қызуын күніне 2 рет өлшеу;

– жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара құралдары және т. б.) пайдалану;

– ауру симптомдары пайда болған кезде (дене қызуының жоғарылауы, мұрын, жөтел және басқалар) жедел жәрдем шақыру;

– жөтел «этикетін» сақтау (қашықтықты сақтау, жөтел кезінде ауызды жабу және бір рет қолданылатын майлықтармен немесе киіммен шаю және қолды жуу).

Үйде карантинге оқшауланған адам:

– Жеке жақсы желдетілетін бөлме таңдау;

– оның басқа адамдарға баруын болдырмау;

– халықтың жаппай жиналатын орындарына баруын болдырмау;

– қоғамдық көлікте жүруге тыйым салу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.