Сарысулық кәсiпорындар 9 241,3 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiрді

569

Сарысу ауданының өнеркәсiп кәсiпорындары 9 241,3 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылғы осы кезеңмен  салыстырғанда 4,0 пайызға артты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жалпы, өнеркәсіп өнімдерінің 97,7 пайызы  тау кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған. Мәселен, «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС өзі үстіміздегі жылдың 6 айында 293,7 мың тонна фосфор өнімдерін өндірген.

Сондай-ақ, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС «Жаңатас қаласындағы фосфаттарды қайта өңдейтін химиялық кешен» құрылысының ІІ кезеңін жүргізуде. Кешен 2019 жылы іске қосылады. Жобаның құны 304,0 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ауданның өңдеу өнеркәсібінде «Жанатас Монтаж Сервис» ЖШС – қиыршық тас, «Минерал» ЖШС – мәрмәр, «Жарас» ЖШС – жанар-жағар май өнімдерін өндіруде және «Жаңатас-Су-Жылу» мекемесі жылумен және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі бойынша өз өндірістерін қалыптастыруда.

Жалпы, аудандағы атқарылып отырған жұмыстардың аяқ алысына қарап, аудан басшылығы өнеркәсіп саласы бойынша 2018 жылы өнім шығару көлемі 21,0 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 19,1 млрд. теңгені құраған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.